СОРТАҢ ЦИСТАНХЕ

Маңғыстау облысында сирек кездесетін өсімдіктер

🍀EcoBilim.KZ жобасы: Маңғыстау өңірінде кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сирек түрлері туралы мақалалар топтамасы.

Қазақстанның қиыр батысында орналасқан Маңғыстау облысы – шөлді ландшафттары мен шексіз далаларымен жиі астасып жатқан таңғажайып аймақтардың бірі. Дегенмен, бұл қатал қасбеттің артында адамдарға ерекше назар аударғызатын және терең бағалауға лайық флораның таңғажайып байлығы жатыр. Бұл жерде өсімдіктердің екі жүз елуден астам түрі өседі, олардың көпшілігі бірегей және сирек кездеседі.

Бұл аймақ климаттық жағдайлардың алуан түрлілігімен ерекшеленеді және өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдай туғызады, ол өсімдіктер: шөлді аймақтарға тән суккуленттерден бастап, сирек кездесетін бұталар мен шөптерге дейінгі өсімдіктер. Өңір флорасының ең ерекше түрі – «Сортаң цистанхе» өсімдігі – шөлді аймақта өзінің әдемілілік түрімен және өсу ерекшеліктерімен ерекшеленеді. «Сортаң цистанхе» Маңғыстау облысы қамтитын шөл және шөлейт аймақтарында кездеседі. Мұнда өсімдік құмды және сортаң топырақта өседі, бұл өсімдіктің негізгі иесі болып табылатын қылқан жапырақты өсімдіктермен үйлеседі. Өсімдіктің биіктігі 40-100 см және қалың етті сабағы бар, оның түсі көбінесе алтын немесе ашық қоңыр түсті болып келеді. «Сортаң цистанхе» гүлдері тығызмасақ тәрізді гүлшоғырда жиналады және әдетте ашық сары немесе ақшыл сары түсті болады, түсінің ерекшелегімен өсімдікті оңай табуға мүмкіндік береді. Дәстүрлі медицинада өсімдік өзінің емдік қасиеттерімен ғасырлар бойы қолданылып келді. Ол: төзімділікті арттыру, бүйрек қызметін жақсарту және тоник ретінде қолданылған. Сортаң цистанхе – Маңғыстау өлкесінің флорасының көрнекті өкілдерінің бірі. Оның бірегей биологиялық және экологиялық сипаттамалары, өсімдікті жергілікті экожүйенің маңызды элементінің біріне айналды.
Маңғыстау өлкесінің өсімдіктер әлемі – назар аударуға және мұқият қорғауды қажет ететін ерекше табиғи байлық қоры. Өзінің ерекше климаттық және географиялық жағдайларына байланысты, бұл аймақ болашақ ұрпақ үшін сақталуы тиіс, ерекше биоәртүрлілікке ие болып келеді. Осылайша, Маңғыстау өлкесінің табиғатына қамқорлық жасау, бірегей флорасын зерттеу және оны сақтау парыз ғана емес, сонымен қатар экологиялық тепе-теңдікті сақтау мен өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің қажетті шарты ретінде танылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *