Жоба туралы

EcoBilim.KZ — Маңғыстау өңірінде кездесетін жануарлар мен өсімдіктер түрлерін насихаттауға бағытталған.

Мақсаты

Өңірде жануарлар мен өсімдіктер әлемін насихаттауға кемінде 300 тікелей және 3000 жанама тарту.

Міндеттері

1) тек Маңғыстау облысында мекендейтін жануарлар мен өсімдіктер әлемі туралы қазақ және орыс тілдерінде жинақтың кемінде 20 данасын әзірлеу және тарату;
2) облыс халқының көп шоғырланған жерлерінде кемінде 250 адамның қатысуымен жоба тақырыбы бойынша 5 фотокөрме ұйымдастыру;
3) өңірде кемінде 2 республикалық сарапшыны тарта отырып, өңірде кемінде 50 адамның қатысуымен өңірге тән жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау жөніндегі өңіраралық ғылыми конференция ұйымдастыру;
4) жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғауға және насихаттауға бағытталған кемінде 2 бейнероликті (қазақ және орыс тілдерінде) дайындау және тарату.

Сипаттамасы

Маңғыстау облысы Атырау облысымен және Түрікменстан мен Өзбекстан мемлекеттері және Каспий теңізі арқылы ӘзербайжанИран елдерімен шектеседі. Облыс 1973 жылғы 20 наурызда құрылды. 1988 жылғы 2 маусымда таратылып 1990 жылғы 17 тамызда тарихи «Маңғыстау» деген атпен қайта облыс болып құрылды. Облыс орталығы — Ақтау қаласы.

Қазақстанның теңізбен байланыстыратын жалғыз су бекеті Ақтау халықаралық теңіз сауда порты бар. Маңғыстау жерінің тумасы жазушы Әбіш Кекілбайұлы Маңғыстауды «Ұйқыдағы аруға» теңеген. Сонымен қатар ғарыштан түсірілген сурттерде Маңғыстау түбегінің контуры жас келіншектің профиліне ұқсайды.

Маңғыстау аймағы ежелгі кезеңдерден бері мал шаруашылығымен айналысады. Топырағы сортаң, өсімдігі бұталы, ащылы, қысы ұзақ емес, бірақ желді, қара суық ызғырықты, ылғалы аз, көктемі созылмалы, континентті шөл далаға жатады.

Маңғыстау облысында сүтқоректілердің 50-ден астам түрі және құстардың 270 түрі (көші-қон кезіндегі түрлердің көпшілігі) кездеседі. Жыл сайын орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жүргізетін есепке сәйкес, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің саны 2021 жылы 22% — ға өсті. Мәселен, 2021 жылы арқарлар саны – 2 374 басты (2020 жылы – 2 100 бас), қарақұйрықтар – 800 басты (2020 жылы – 800 бас) құрады. Бұл тұрғыда жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау және насихаттау шараларын әзірлеу өте маңызды.

Маңғыстау облысы сүтқоректілердің, бауырымен жорғалаушылар мен құстардың сирек кездесетін түрлерінің, сондай-ақ эндемик болып табылатын және тек осы аймақта кездесетін құрғақ өсімдік түрлерінің болуымен сипатталады. Мысалы, құрып кету қаупі төнген Құлан, қарақұйрық және манул сияқты түрлер облыс аумағында тұрады.

Бұл түрлер аймақтың экожүйелерінде маңызды рөл атқарады, табиғи процестердің тұрақтылығын қамтамасыз етеді және жергілікті фауна мен флораның тепе-теңдігін сақтайды. Бұл түрлердің жоғалуы ауыр экологиялық зардаптарға, соның ішінде топырақ құнарлылығын сақтау, су режимін реттеу және зиянкестердің санын бақылау сияқты экожүйелік қызметтердің бұзылуына әкеледі.