Жоба мақсаты
Өңірде жануарлар мен өсімдіктер әлемін насихаттауға кемінде 300 тікелей және 3000 жанама тарту.
Міндеттері
- Тек Маңғыстау облысында мекендейтін жануарлар мен өсімдіктер әлемі туралы қазақ және орыс тілдерінде жинақтың кемінде 20 данасын әзірлеу және тарату;
- Облыс халқының көп шоғырланған жерлерінде кемінде 250 адамның қатысуымен жоба тақырыбы бойынша 5 фотокөрме ұйымдастыру;
- Өңірде кемінде 2 республикалық сарапшыны тарта отырып, өңірде кемінде 50 адамның қатысуымен өңірге тән жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау жөніндегі өңіраралық ғылыми конференция ұйымдастыру;
- Жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғауға және насихаттауға бағытталған кемінде 2 бейнероликті (қазақ және орыс тілдерінде) дайындау және тарату.